208
Қазақстандық зілтемірші әлем кубогында үздік төртікке енді
Қазақстандық зілтемірші әлем кубогында үздік төртікке енді
Перудің Лима қаласында ауыр атлетикадан жастар арасындағы онлайн әлем кубогі жалғасуда, деп хабарлайды Olympic.kz.
Жарыстың үшінші күнінде 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі спортшылар сынға түсті. Бұл сында Қазақстан атынан Мейрамбек Әбдіхалық өнер көрсеткен. Турнир қорытындысы бойынша Мейрамбек төртінші орынға табан тіреді. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 275 (123+152) келіні бағындырған.
Айта кетелік, әзірге Қазақстан қоржынында жалғыз алтын бар. Бірінші жарыс күнінде Абылай Әуелханов топ жарған болатын.