ІІМ қазақстандықтарға үндеу жасады

ІІМ қазақстандықтарға үндеу жасады

ІІМ қазақстандықтарға үндеу жасады
ашық дереккөзі
276
Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігі жолдарда сақтық шараларын қабылдау қажеттілігі туралы ескертеді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Министрліктің хабарлауынша, қыс мезгілінде орын алатын жол-көлік оқиғаларының басты себептері – жүргізушілердің жылдамдық режимін, көлік құралдары арасындағы қашықтықты сақтамауы болып табылады. Сол себепті, ведомство өкілдері ауа райы бұзылған кезде жол қозғалысының барлық қатысушылары барынша сақ болып, көлік иелері дөңгелектерін уақтылы ауыстыруы керек екенін ескертті. Сонымен қатар тәртіп сақшылары бірқатар өңірлердің тұрғындарына алыс жолдарға автокөлікпен шығудан бас тартуды және ауа райы мен жолдардың жай-күйі туралы смс-хабарламаларда көрсетілген ұсыныстарды орындауды талап етеді. Мәселен, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Қарағанды облыстарында ауа температурасы төмендейді, түнде бұл өңірлерде -10 градус аяз, кейбір жерлерде бұрқасын болады. Бірқатар өңірлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтілуде. Ішкі істер министрлігі жүргізушілерді жолда жаяу жүргіншілерді көрген кезде ерекше сақ болуға шақырады. Жолда қиын жағдайға тап болған жол қозғалысының барлық қатысушылары тәулік бойы ішкі істер органдарының бөлімшелеріне жүгіне алады. Биылғы жылдың қараша айының басынан бастап республика аумағында 352 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, олардың салдарынан 80 адам қаза тауып, 395 адам түрлі дәрежедегі жарақаттар алған.

Серіктес жаңалықтары