Қырғызстанда президент міндеттерін Талант Мамытов атқаратын болды

Қырғызстанда президент міндеттерін Талант Мамытов атқаратын болды

Қырғызстанда президент міндеттерін Талант Мамытов атқаратын болды
ашық дереккөзі
360
Садыр Жапаровтың кандидатурасының Қырғызстан президенті лауазымына ұсынылуына және президент міндеттерін атқару өкілеттілігінің тоқтатылуына байланысты, ел президенті міндетін атқарушының өкілеттіктері Жогорку Кенеш төрағасы Талант Мамытовқа өтті, деп хабарлайды КАБАР агенттігі.  «Мемлекет басшысының міндеттерін атқаруға кірісе отырып, мен халық пен мемлекет алдындағы жеке жауапкершілігімді сезінемін. Президенттің міндеттерін атқарушы ретінде өзімнің конституциялық құқықтарым шеңберінде адамдардың бейбіт өмірі мен ел тұтастығын қорғау үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтын боламын. Еліміздің саналы азаматтары мені қолдайды деп сенемін. Барша отандастарымды кедергілер мен қиындықтарды жеңуге үлес қосуға шақырамын. Өз миссиямызды адал орындайтындығымызға толық сенімдімін», - деді Талант Мамытов қырғыз халқына жолдауында. Еске сала кетейік, Қырғызстанда мерзімінен бұрын президенттік сайлау 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіленді. Ел заңнамасына сәйкес, президенттің отставкасынан кейін мерзімінен бұрын сайлау үш ай ішінде өтуі тиіс.  

Серіктес жаңалықтары