Ұлыбританияда бензин және дизельмен жүретін көліктерді сатуға тыйым салынбақ

Ұлыбританияда бензин және дизельмен жүретін көліктерді сатуға тыйым салынбақ

Ұлыбританияда бензин және дизельмен жүретін көліктерді сатуға тыйым салынбақ
ашық дереккөзі
249
Ұлыбританияда 2030 жылдан бастап бензин және дизельмен жүретін көліктерді сатуға тыйым салынуы мүмкін. Ал 5 жылдан кейін гибридтік көліктерді шығару да шектелмек, деп хабарлайды Reuters. Ел үкіметі мұндай шешімді азаматтарды қазірден бастап экологиялық көліктірге көшуге ынталандыру үшін қабылдаған. Себебі корольдік 2050 жылға қарай ауаға шығарылатын парниктік газдарды нөлге жеткізуді көздеп отыр. Кейбір шенеуніктер бұл бастаманы қолдаса, тағы бір топ берілген мерзім өте қысқа екенін алға тартып, қарсылық білдіруде. Ұлыбритания премьері Борис Джонсон бұл шараға қатысты жоспарын алдағы аптада жарияламақ.

Серіктес жаңалықтары