360
Жаңа жылдық отшашуға тыйым салынды
Жаңа жылдық отшашуға тыйым салынды
Нидерландыда жаңа жылдық отшашуға тыйым салынды, – деп жазды ҚР Үкіметі жанындағы ВАК жұмысының телеграм каналы.
Нидерланды жаңа жылда отшашулар мен пиротехниканың барлық түрлерін қолдану тоқтатылды. Бұл шешім жедел жәрдем қызметкерлеріне COVID-19 ауруына шалдыққан адамдарға көмектесуге және отшашу жарылыстарынан зардап шеккендерге алаңдамауға мүмкіндік беру үшін қабылданды.
Ел билігі жылма жыл жаңа жыл түні пиротехникадан зардап шеккен адамдар санының көп болуына байланысты ауруханалар үшін бұл ең ауыр кезеңдердің бірі екенін жеткізді. Пандемия жағдайында бұл қолайсыз: ауруханаларда онсыз да COVID-19 пациенттеріне толып тұр. Дегенмен, қол бенгал оттары сияқты ең қарапайым отшашуларды қолдануға рұқсат берілді.