Италияда бір тәулікте коронавирустан 550 адам көз жұмды

Италияда бір тәулікте коронавирустан 550 адам көз жұмды

Италияда бір тәулікте коронавирустан 550 адам көз жұмды
ашық дереккөзі
223
Италияның Денсаулық сақтау министрлігі кейінгі тәулікте 40 902 адамның коронавирус жұқтыру оқиғасы анықталғанын мәлімдеді. Бұл пандемия басталғалы тіркелген тәуліктік ең жоғары көрсеткіш, – деп жазды ҚазАқпарат ANSA агенттігіне сілтеме жасап. Министрліктің мәліметі бойынша, коронавирустан 550 адам көз жұмды. Бейсенбі күні 37 978 жұқтыру оқиғасы тіркеліп, 636 адам өмірден өткен болатын. Пандемия басталғалы көз жұмғандар саны 44 139 мың адамға жетті. Аурудың белгісі бар 30 000-нан астам адам ауруханада жатыр. Сондай-ақ, жұма күні коронавирустың бар-жоғын анықтайтын 254 000 тест алынып, рекордтық көрсеткішке жетті. Оның 16 пайызынан инфекция анықталған. Жалпы коронавирусқа шалдыққандар саны, сауығып шыққандар мен мерт болғандарды қосқанда 1 107 3030 адамға жетті.

Серіктес жаңалықтары