«Nur Otan»: Үш қаладан Мәжілістің партиялық тізіміне үміткерлер анықталды

«Nur Otan»: Үш қаладан Мәжілістің партиялық тізіміне үміткерлер анықталды

«Nur Otan»: Үш қаладан Мәжілістің партиялық тізіміне үміткерлер анықталды
ашық дереккөзі
269
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісіне депутаттарды сайлау  бойынша конференциялар басталып кетті.  Кеше ғана Алматы мен Шымкент қалаларында  «Nur Otan» филиалының кезектен тыс конференциялары өткізілді. Шымкент қаласында өткен конференцияда Мәслихаттың партиялық тізімі әзірленіп, Парламент Мәжілісінің партиялық тізіміне үміткерлер анықталды. Сонымен қатар, қалалық сайлауалды бағдарламасы да бекітіліп, партияның ХХ съезіне қатысуға делегаттар сайланды. Талдау барысында, осы жылғы тізімде әйелдердің үлесі 3 есеге артып, 11-ден 30% -ке дейін , ал 35 жасқа дейінгі жастар - 0-ден 20% -ға дейін көтерілді . Үміткерлердің орташа жасы 49-дан 44 жасқа дейін төмендеді. Қызметтегі депутаттардың ішінен 8 адам ғана жаңа тізімге енгізілген. Бұл бекітілген тізімде басым көпшілігі - шағын және орта бизнес өкілдері - 30%, білім саласы - 17%, үкіметтік емес ұйымдар - 12% және тағы да басқа сала иелері. Мәжілістегі партиялық тізімге «Праймериз» ақпараттық жүйесі арқылы қалалық өкілдік квотасына сәйкес 4 үміткерді таңдады. Конференция аясында Мәжілістегі партиялық тізімге үміткерлер арасында пікірсайыстар өтті. 8 үміткердің ішінен партиялықтар «Праймериз» ақпараттық жүйесі арқылы. Парламенттің төменгі палатасының қызметтегі депутаты Берік Оспанов, қалалық мәслихаттың хатшысы Ғани Ташқараев, кәсіподақ төрағасы Берік Бекжанов және мектеп-интернат директоры Жадыра Таңатарова ең көп дауыс жинады. Сонымен қатар, кеше өткен Алматы қаласында  «Nur Otan» қалалық филиалының конференциясында праймеризге қатысушылар қатарынан ең жоғары рейтингісі бар және филиал квотасын ескере отырып, қала мәслихатына 1-орынға 2 адам қағидаты бойынша 78 кандидаттан тұратын партиялық тізім түзілді.   Алматылық көрсеткішке сәйкес,  тізімдегі әйелдердің үлесі 2 есе - 16-дан 35%-ға дейін, ал 35 жасқа дейінгі жастар 6 есе - 2,7-ден 20%-ға дейін өсті. Үміткерлердің орташа жасы 8 жасқа – 52 жастан 44 жасқа дейін жасарды. Қызметтегі 29 депутаттың 16-сы ғана жаңа партиялық тізімге енді. Парламенттің төменгі палатасының депутаты Артур Платонов, Алмалы аудандық филиалының төрағасы Бекқали Торғаев, білім беру саласының өкілі Жұлдыз Досбергенова, қалалық Қоғамдық кеңестің өкілі Алтынай Көбеева, қоғам белсендісі және «Мен алматылықпын» қозғалысының жетекшісі Константин Авершин, жасотандық Мәди Ахметов және бизнес өкілі Шухрат Шардинов ең көп дауыс жинады. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында "Nur Otan" қалалық филиалының конференциясы барысында мәслихатқа партиялық тізім қалыптастырылып, Парламент Мәжілісінің партиялық тізіміне кандидаттар анықталды. Сондай-ақ, қалалық сайлауалды бағдарламасы бекітіліп, партияның XX съезіне қатысу үшін делегаттар сайланды. Филиал төрағасы Алтай Көлгінов атап өткендей, қаланың сайлауалды бағдарламасы азаматтарға жайлы тұрмыс жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған нақты мақсатты индикаторларға негізделген. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы - тұрғындар мен билік арасындағы тұрақты диалог. Біздің міндетіміз - азаматтардың мәселелерін естіп және көріп қана қоймай, ең бастысы оларға дұрыс және жедел жауап беру. Сондықтан қалалық сайлауалды бағдарлама праймериз кезінде тұрғындардан түскен ұсыныстарды ескере отырып, пысықталды», - деді Алтай Көлгінов. Мәселен, рейтингі ең жоғары және филиал квотасын ескере отырып, праймеризге қатысушылар қатарынан 1 орынға 2 адам қағидаты бойынша 62 кандидаттан тұратын елорда мәслихатына партиялық тізім қалыптастырылды. Талдау көрсеткендей, тізімдегі әйелдердің үлесі 20-дан 30% - ға дейін, ал 35 жасқа дейінгі жастар 0-ден 22,5% - ға дейін өсті. Кандидаттардың орташа жасы бірден 9 жасқа - 52-ден 43 жасқа дейін жасарды. Мәслихаттың жұмыс істеп тұрған 25 депутатының ішінен жаңа партиялық тізімге барлығы 5 адам енді. Жалпы, Nur Otan партиясының мәслихаттағы партиялық тізімі 90% - ға жаңарды. Бұл партия уәде еткендей, жастар мен әйелдерге берілетін квотаның қамтылғандығының көрсеткіші. Тізімде ШОБ өкілдерінің үлесі басым – 32,2%, білім беру саласы – 20,9%, денсаулық сақтау саласы – 11,4% және т.б. бар. Конференция барысында мәжіліске партиялық тізімге үміткерлер арасында пікірсайыс өтті. Бірінші раундта қатысушылар өздерінің сайлауалды бағдарламаларының негізгі тезистерін таныстырды, екінші раундта "сұрақ-жауап" түріндегі пікірталас сессиясы өтті. Праймериздің арқасында ел арасынан көшбасшылар озып шығып, әр саланы қамтыды және 10 үміткердің ішінен 5 үміткер квота бойынша өтті. Олардың ішінде, балалар ауруханасының меңгерушісі Лариса Павловец, «Атамекен» ҰКП өкілі Алмаз Жүнісов, «Халықаралық жаһандық әйелдер көшбасшылығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Балтаева Ханзада, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкері Расул Медетов және бизнес өкілі Бауыржан Исабаев ең көп дауыс жинады. Келесі конференциялар Қарағанды және Қызылорда облыстарында 16 қарашада өтеді. Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Түркістан, Атырау, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында – 17 қарашада өтеді. Қалалық және аймақтық конференцияларда кандидаттар арасындағы пікірсайыс праймериздің екінші деңгейі аясында өткізіледі. Еске сала кетсек, партияішілік іріктеудің бірінші кезеңіне 10 мың кандидат қатысты. Оның 37%-ы – әйелдер, 29%-ы — 35 жасқа дейінгі жастар. Бастауыш партия ұйымдарынан кандидаттардың 30%-ы ұсынылса, 70%-ы — өзін-өзі ұсынушылар. Үміткерлердің орташа жасы – 43 жас. Бұл ретте дауыс беруге 662 мыңнан астам партиялық қатысты.

Айсана Қахарман

Серіктес жаңалықтары