Шетелдегі қазақтілді педагогтар біліктілігін арттырды

Шетелдегі қазақтілді педагогтар біліктілігін арттырды

Шетелдегі қазақтілді педагогтар біліктілігін арттырды
ашық дереккөзі
482
Шетелдегі қазақ диаспорасы ұлт ретінде қалпын сақтап қалудың бірден бір жолы – қазақ тілін оқыту. Ал оны қалай оқыту қажет деген түйткілдің тиімді жолдарын қазір тіл мамандары зерттеп те жатыр. Онлайн оқыту мен қатар шетелдегі қазақ тілді педагогтарды арнайы тіл курсынан өткізуді тіптен тарихи қадам деп бағалауға да болар еді... «Отандастар қоры» және Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» орталығы бірлесіп ұйымдастырған білктіліті арттыру курсы аяқталды. Үш күнге созылған тіл курсы онлайн түрде «Қазақ тілін үйрету және халықаралық тәжірибе» тақырыбында өткізілді. Тіл курсына Ресей, Моңғолия, Португалия, Испания, Белгия, Иран, Финляндия, Түркия және АҚШ қатарлы 9 елде тұратын 50-ге тарта педагог қандастарымыз қатысты. Біліктілікті арттыру курсына қатысқан барлық педагогтарға арнайы сертификат табыс етіледі.  width= – Қазақ тілін білетін педагогикалық білімі бар қандастарға біліктілікті арттыру курсын өткізу – шетелдегі қазақтілді мамандары дайындау мақсатында ұйымдастырылып отыр, – дейді «Отандастар қоры» КеАҚ жобалар координаторы Болат Дидар. Сонымен қатар ол «Шетелдерде қазақ тілін оқыту курстары бойынша өзекті мəселелер» деген тақырыпта сөз қозғап, атажұрттан жырақ жүрген қандастар үшін қазақ тілін оқытуға қатысты игі жобаларды атап өтті. Мәселен, Омбы, Ташкент, Стамбул, Берлин қалаларында ашылған «Абай мәдени-іскерлік үйінің» бір бағыты қазақ тілін дамыту екенін, алдағы уақытта аталған жоспар аясында Бішкек қаласы да бар екенін айтты. Сондай-ақ, ана тілін ардақтаған шетелдегі қандастарымыздың тіл курсына белсене қатысуына ризашылығын білдірді. Тіл курсы бағдарламасына сәйкес «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры филология ғылымдарының кандидаты Ербол Тілешов «Тіл үйретудегі лексикалық минимумдарының қажеттілігі мен критерийлері» деген тақырыпта баяндама жасады. Баяндамада лексикалық минимумдардың құрастыру тарихы және оның тіл үйрету ісіндегі маңызы жайында жан-жақты ақпарат берді. Германиядағы Людвиг Максимилиан атындағы Мюнхен университеті Таяу және Орта Шығыс институтының қызметкері, PhD докторы Гүлсім Масақова «Қазақ тілін шетелдіктерге үйрету тәжірибиесі» дәрісінде немістерге қазақ тілін үйрету тәсілін таныстырды. Коммуникативтік ұстанымды негізге ала отырып, өткізетін сабақ үлгілерін курсқа қатысушыларға көрсетті.  width= «Қазақ тілін шет тілі ретінде оқытуда сөйлесу әрекетін ұйымдастыру» деген тақырыпта баяндама жасаған Назарбаев университеті Қазақ және Түркология департаментінің оқытушысы, Айдар Балабеков лексикалық минимумды тіл үйретудің әр деңгейіне сай ұтымды іріктеуді, сол арқылы студенттің сөйлесу әрекетін қалыптастырудың тиімді жолдарын ұсынды. Барлық қатысушылар шараны ұйымдастырушыларға, шетелдегі қандастар мен отандастар атынан қазақ тілін оқытып, дәріс берген мамандарға өз тәжірибелерін бөліскені үшін шынайы алғысын жеткізді. Курстың қорытынды жиынында сөз алған Қазақстан Мəдениет жəне спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Əділбек Қаба: «Қайда жүрсек те қанымыз қазақ, жанымыз қазақ. Тіл бар жерде қазақ ұлты бар. Әрбір қазақ ана тілін ардақтайды. Өйткені, елге деген махабаттың да, салт-дәстүріне деген құрметі де тілге байлаулы. Әрине, елде тұрып қазақ тілін үйренген бір бөлек, ал атажұрттан алыста жүрген қандастарға тіл үйретудің жөні бір басқа. Осы тұрғыдан алғанда сіздерге жүктелген міндет – қастерлі де жауапты», – деп түйіндеді.            

Серіктес жаңалықтары