308
Қазақстандағы жұмыссыздар саны жарияланды
Қазақстандағы жұмыссыздар саны жарияланды
2020 жылғы III тоқсанда республика экономикасында 8,7 млн адам жұмыспен қамтылды. 6,7 млн адам (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 76,5%) жалдамалы қызмет бойынша жұмысқа тартылған. Жұмыссыздар саны (Халықаралық еңбек ұйымының әдіснамасы бойынша), 454,8 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі – 5% құрады. Бұл туралы Статистика комитеті хабарлады.
2020 жылдың III тоқсанында Қазақстанның еңбек нарығына COVID-19 пандемиясы әсері сақталуда. 2020 жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда қызметтің тоқтатылуына байланысты уақытша жұмыссыздар саны 52% төмендеді, бірақ әлі де жоғары - 131,7 мың адам. Оның 25% - сауда қызметкерлері, 21,4% - білім, 10,3% - басқа қызметтер көрсету (шаштараздар, сұлулық салондары, ұсақ тұрмыстық қызметтер).
Бұл ретте, 2020 жылдың II тоқсанымен салыстырғанда. негізгі жұмыс орнында жұмыс көлемінің төмендеуіне (толық емес жұмыс күні) немесе жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыспен қамтылғандар саны 37% өстіп, 380 мың адамды құрады.Бұл негізінен персоналды қысқартылған жұмыс кестесіне ауыстырумен байланысты.
Жұмыспен қамту органдарында 2020 жылғы қазан айының соңына 222,4 мың адам жұмыссыз ретінде ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі жұмыс күшінің санының 2,4%-ын құрады.