Шымкентте пара бермей-ақ мектепке жұмысқа тұруға болады – әкім орынбасары

/
Шымкентте пара бермей-ақ мектепке жұмысқа тұруға болады  – әкім орынбасары
ашық дереккөзі
Шымкентте пара бермей-ақ мектепке жұмысқа тұруға болады – әкім орынбасары «Білім беру саласында жемқорлыққа жол жоқ!» деп қала тұрғындарына Фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасы арқылы үндеу тастаған Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан шаһар мектептеріне жұмысқа тұру жүйеге келтірілгенін жеткізді. Әкім орынбасарының айтуынша, бұдан былай пара беріп, мектепке жұмысқа тұру деген болмайтын көрінеді. «Пара бермей жұмысқа тұру мүмкін екенін биыл мұғалім болғандардан сұраңыз, растайды. Тамыз айынан бермен қарай, 349 мұғалімді жұмысқа қабылдадық. Онлайн және офлайн олармен екі рет жүздестім. Бұл тәжірибемізді басқа облыстар да зерттеп жатыр. Бұдан былай балабақша мен колледж қызметкерлерін де осы жүйе арқылы жұмысқа аламыз. Білім ұйымдарының басшыларын жұмысқа алуды да қатаң талаптарға сай өткізіп жатырмыз. Оған тәжірибелі ұстаздар, қоғам белсенділері мен журналистер куә» дейді Ш.Мұқан. Сондай-ақ, әкімнің бірінші орынбасары мектептерде ақша жиналмауы тиіс екенін ескертіп, ата-аналар мен мұғалімдерді бұл келеңсіздікке жол бермеуге шақырды. «Мектептердегі алым-салым – заңсыз. Заңды бұзған мектеп басшылары заң алдында жауап береді. Ақша жинауға қажеттілік жоқ. Мемлекет білім беру саласын толық қаржыландырып отыр» деді Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары. Оның айтуынша, білім беру саласын тазалай алмасақ, сапалы білім туралы айтудың өзі артық. «Шымкент қаласының білім саласын Қазақстанда алдыңғы қатарға шығаратынымызға сенемін» деген Ш.Мұқан, бұл іске Білім басқармасы, мектеп директорлары, мұғалімдер мен ата-аналар бірлесе атсалысуы керек екенін айтты.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары