ҚР СІМ Таулы Қарабақтағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

ҚР СІМ Таулы Қарабақтағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

ҚР СІМ Таулы Қарабақтағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады
ашық дереккөзі
5239
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Таулы Қарабақтағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады. «Әзербайжан Республикасы Президентінің, Армения Республикасы Премьер-министрінің және Ресей Федерациясы Президентінің Таулы Қарабақ қақтығысы аймағындағы атысты және барлық әскери іс-қимылдарды тоқтату туралы мәлімдемесін жоғары бағалаймыз. Қол жеткізілген уағдаластықтар БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларына сәйкес келеді және Таулы Қарабақ проблемасын реттеу үшін негіз бола алады. Осы келісімге қол жеткізудегі Ресей Федерациясының сындарлы рөлін және оның уағдаластықтарды іс жүзінде іске асыруға бағытталған бітімгершілік күш-жігерін ерекше атап өтеміз», – делінген мәлімдеме мәтінінде. Сондай-ақ, ҚР Сыртқы істер министрлігі осы күрделі кезеңде әзербайжан мен армян халықтары берік бейбітшілік пен келісім орнату, өңірде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін сенімді іргетас қалауға ұмтылатындарына үміттенетінін жеткізген.

Серіктес жаңалықтары