Қостанай облысының айналасына санитарлық бекеттер қойылады

Қостанай облысының айналасына санитарлық бекеттер қойылады

Қостанай облысының айналасына санитарлық бекеттер қойылады
ашық дереккөзі
240
12 қарашадан бастап Қостанай облысының периметрі бойынша санитарлық бекеттер қойылады. Бұл туралы аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов мәлімдеді.  Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың отырысында Қостанай, Лисаковск, Арқалық, Рудный қалалары мен Қостанай, Қарабалық, Жітіқара аудандарының әкімдері эпидемиологиялық жағдай туралы есеп берді. "Штаб мүшелерінің ұсыныстарын ескеріп, 12 қараша сағат 00.00-ден көрші облыстармен шекарада облыс периметрі бойынша санитарлық бекеттер қою туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ, мониторингтік топтардың жұмысы күшейтіледі", - деді Мұхамбетов. Сонымен қатар, облыс әкімі халық пен кәсіпкерлер арасында әлеуметтік желі арқылы белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуді тапсырды.  

Серіктес жаңалықтары