Nur Оtan бюро отырыстарын өткізді

Nur Оtan бюро отырыстарын өткізді

Nur Оtan бюро отырыстарын өткізді
ашық дереккөзі
478
Кеше Түркістан облысының барлық аудан, қалаларында «Nur Otan» партиясы саяси кеңесінің бюро отырыстары өткізілді. Ол жиындарға партияның аудандық және қалалық филиалдарының төрағалары мен бюро мүшелері қатысты. Бұл бюроларда бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтсақ, алдағы аумақтық конференцияларға дайындық мәселесі, ондағы өзекті түйткілдерді жоспарлау жайы сөз болды. Конференциялардың күн тәртібі бекітілді. Ал аумақтық конференцияларда «Nur Otan»  партиясының аудандық немесе қалалық деңгейдегі сайлауалды бағдарламары бектіліп, жұртшылыққа ұсынылады.  Сонымен бірге облыстық мәслихатқа дебат қорытындысы бойынша кандидаттарға дауыс беріліп, аудандық, қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша партиялық тізімді жасақталады. «Nur Otan» партиясының аймақтық филиалының конференциясына делегаттар сайланады. Бюро отырыстарының бірқатарына тоқталсақ, «Nur Otan» партиясы Сайрам аудандық филиалының мәжіліс залында саяси кеңес бюросының отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібінде, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс XLIII конференциясын өткізу тәртібі мен күн тәртібінің жобасын қалыптастыру мәселесі қаралды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алмас Әбдрахманұлы хабарлама жасады. Бюро мүшелері аудандық конференцияның күн тәртібінде қаралатын мәселелерді бір ауыздан мақұлдап, саяси кеңес бюросының қаулысы қабылданды. Бюро отырыстары Түркістан облысының барлық аудан, қалаларында өткізілді. «Nur Otan» партиясының ішкі праймеризі талай үздіктерді анықтап, саяси додаға қосып отыр. Алдағы конференцияларда біраз сұрақтарға жауап беріліп, түрлі деңгейдегі мәслихатқа баратын үздіктер анықталады деген жоспар бар.

Серіктес жаңалықтары