65 жастан асқан алматылықтарға көшеге шығуға тыйым салынды

65 жастан асқан алматылықтарға көшеге шығуға тыйым салынды

65 жастан асқан алматылықтарға көшеге шығуға тыйым салынды
ашық дереккөзі
274
Жасы 65-тен асқан Алматы тұрғындарына үлкен қажеттілік болмаса үйлерінен шығуға тыйым салынады. Қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысында осылай делінген.  Қаулыға сәйкес, "Медеу" мен "Шымбұлақ" тесттік режимде жұмыс істеп көрмек. Яғни 2020 жылдың 19 қарашасынан бастап 30 қарашасына дейін "Медеу" спорт-сауықтыру орталығының мұз айдынына келушілер саны бір мезетте 500 адамнан аспаған жағдайда және 2020 жылдың 16 қарашасынан бастап 30 қарашасына дейін "Шымбұлақ" тау-шаңғы курортына келушілердің көрсеткіші 30 пайыздан аспайтын жағдайда аталмыш орындардың жұмыс істеуіне рұқсат беріліп отыр. 10 қарашадан бастап залдың толуы 50%-дан және келушілердің саны 100 адамнан аспаған жағдайда театрлардың жұмысына рұқсат етіледі. Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда екінші тоқсанда кезекші сыныптардың жұмыс істеуіне рұқсат берілгенін хабарлағанбыз. Қала мектептерінде ата-аналардың өтініші бойынша 1 сыныптан 5 сыныпқа дейін, халықаралық мектептерде 7 сыныпқа дейін кезекші сыныптардың жұмысы жанданады. Сондай-ақ, бас санитардың қаулысына сәйкес, оқушылар саны 300 балаға дейінгі мектептердің жұмысын дәстүрлі форматқа көшеді. Ал сыныптағы оқушылардың саны 15-тен аспауы тиіс. Айта кетейік, өткен тәулікте Алматыда 14 адамнан коронавирус анықталып, қалада індет жұқтырғандардың жалпы саны 14 990-ға жетті. Пандемия басталғалы індеттен 290 науқас көз жұмды.  

Серіктес жаңалықтары