Мұнай бағасы өсті

Мұнай бағасы өсті

Мұнай бағасы өсті
ашық дереккөзі
299
WTI мұнайы фьючерсінің бағасы 3,31%-ға өсті. Лондондағы ICE биржасында 2021 жылдың қаңтарында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерсінің құны 3,04%-ға, барреліне 40,65 долларға дейін өсті, деп хабарлайды ТАСС. Қазіргі уақытта WTI мұнай фьючерсінің құны 3,31%-ға өсіп, барреліне 38,73 доллар шамасында тұр.
Мұнай бағасының өсуіне АҚШ-тағы сайлау ықпал етті. 3 қарашада америкалықтар елдің болашақ президентіне таңдау жасады. Жеңіске жетуге жеткілікті 270 дауысты қарсыласынан бұрын жинап үлгерген демократ Джо Байден АҚШ-тың 46-президенті деп танылды. Алайда республикашыл Дональд Трамп оның жеңісін мойындаудан бас тартып, дауыстарды санау барысындағы заңбұзушылықтарды әшкерелеу үшін сотқа жүгінетінін айтты.

Серіктес жаңалықтары