360
Қазақстанда пәтер бағасы 13% қымбаттады
Қазақстанда пәтер бағасы 13% қымбаттады

2020 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда Қазақстанда пәтер құны 13% өсті. Krisha.kz сарапшылары сайттағы бағаларды талдап, осындай тұжырымға келген.
Жалпы еліміздің басым бөлігінде жылжымайтын мүлік қымбаттады. Ең арзан пәтерлер Қызылордада. Ондағы жылжымайтын мүліктің бір шаршы метрі - 150 мың теңге.
Елордада жылжымайтын мүліктің бір шаршы метрі жыл басынан бері 5,7% қымбаттады. Ал Алматыда 7%, Қызылордада 9,5% бір-ақ көтерілген.
Коронавирус пандемиясы мен карантиндік шектеулерге қарамастан баспана бағасы бүкіл ел аумағында шарықтаған. Өңірлердің басым бөлігіндегі бір шаршы метр құны қымбаттаған. Өсім 10% асады. Әсіресе, Қостанайда, Ақтөбе, Көкшетау және Орал өңірлерінде жыл басынан бері баға өскен. Ал қыркүйекте республика бойынша жылжымайтын мүлік құны 3,7% қымбаттады.