Қазақстан-Ресей XVII аймақаралық ынтымақтастық форумы кейінге шегерілді

Қазақстан-Ресей XVII аймақаралық ынтымақтастық форумы кейінге шегерілді

Қазақстан-Ресей XVII аймақаралық ынтымақтастық форумы кейінге шегерілді
ашық дереккөзі
252
Қазақстан-Ресей XVII аймақаралық ынтымақтастық форумы қараша айында  өтпейтін болды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді. «Эпидемиологиялық жағдайдың қиындай түсуіне байланысты Қазақстан мен Ресейдің XVII аймақаралық ынтымақтастық форумының өтетін уақыты кейінге шегерілді. Бұған дейін Форум биылғы қараша айының екінші жартысында екі ел басшыларының қатысуымен Көкшетау қаласында өтеді деп жоспарланған болатын», – деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында. Айта кетейік, көршілес екі ел арасындағы Өңіраралық ынтымақтастық форумы 2003 жылдан бері тұрақты ұйымдастырылып келеді.  

Серіктес жаңалықтары