Атырауда шетелдік қылмыскер қолға түсті

Атырауда шетелдік қылмыскер қолға түсті

Атырауда шетелдік қылмыскер қолға түсті
ашық дереккөзі
Атырауда сырттай сотталған Грузия азаматы ұсталды. Атырау полицейлері 3 қараша күні жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Грузия елінің 35 жастағы азаматын ұстады. Ол 2012 жылдың желтоқсанынан бері  алаяқтық қылмысы үшін Грузияда іздеуде болған. 2017 жылдың мамыр айында Тбилиси соты оны сырттай 7 жылға бас бостандығынан айырған. Өз елінің құқық қорғау органдарынан сегіз жыл бойы ізін жасырған азамат қазіргі таңда  Атырау қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Шетелдік азаматты экстрадициялау мәселесі шешілуде.