Елена Рыбакина Уимблдон-2026 турнирінің үшінші айналымында жеңілді

/
Елена Рыбакина Уимблдон-2026 турнирінің үшінші айналымында жеңілді
ҚТФ

Қазақстанның әйелдер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина «Үлкен дулыға» санатындағы Уимблдон турнирінің үшінші айналымына шығу үшін өткен матчта жеңіліс тапты.

Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған қазақстандық теннисші әлемнің 25-ракеткасы бельгиялық Элизе Мертенспен кездесті.

Матч екі сетке созылып, Рыбакинаның 6:7 (4:7), 1:6 есебімен жеңілуімен аяқталды.

Теннисшілер кортта 1 сағат 33 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Елена екі эйс жасап, алты рет қос қателікке жол берді және тоғыз брейк-пойнттың екеуін сәтті пайдаланды.

Осылайша, Уимблдон-2022 чемпионы Елена Рыбакина биылғы турнирдегі өнерін үшінші айналымда аяқтады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары