220
Атырау облысында қос азаматтығы бар әйелге 500 мың теңге айыппұл салынды
Атырау облысында қос азаматтығы бар әйелге 500 мың теңге айыппұл салынды
Атырау облыстық полиция департаменті 13 жыл бойы қос азаматтықты заңсыз пайдаланып жүрген өңір тұрғынын анықтады.
«Әйелдің 1998 жылы ресейлікке тұрмысқа шығып, Ресей Федерациясына көшіп кеткені белгілі болды. Ол 2007 жылы Ресей Федерациясының азаматтығын қабылдаған. Бірақ, бұл туралы тиісті 30 күндік мерзімде ҚР ішкі істер органдарына хабарламаған. Қазақстанның азаматтығын растайтын жеке куәлігін тапсырмаған. Сондай-ақ, оның 2012-2019 жылдар аралығында Қазақстан Республикасына бірнеше рет келіп, Ресей Федерациясының төлқұжатымен елден шығып кеткені анықталды. Әйел Құрманғазы аудандық полиция бөліміне жеткізілді», – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Қос азаматтығы бар азаматшаға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 496-бабының 2-бөлігімен (ҚР заңнамасында белгіленген мерзімде шетелдік азаматтықты алу фактісін хабарламау) әкімшілік хаттама толтырылып, оған 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.