Мыңға жуық телефоны бар түрік

Мыңға жуық телефоны бар түрік

Мыңға жуық телефоны бар түрік
ашық дереккөзі
50324
Жиырма жыл бойы ұялы телефон жөндеумен айналысқан түрік Шахабеттин Өзчелик ескі телефондар коллекциясын жинайды. Түркияның шығысында орналасқан Ван провинциясында тұратын телефон жөндеушінің коллекциясында 1 000-ға жуық ескі телефон бар және мұның барлығы смартфон пайда болғанға дейін қолданыста болған батырмасы бар телефондар.  width= Оның коллекциясында мыңнан да көп телефон болған, алайда осыдан екі жыл бұрын үйіне ұры түсіп, 700-ге жуық ескі телефонды ұрлап әкеткен.  width= «Мобильді телефондарға қызығушылығым ерекше. Бұл телефондардың жақын арада ескіріп қалатынын білгендіктен, коллекция жинауды бастадым. Коллекциямдағы барлық телефон істеп тұр, алайда қазір мұндай телефондарды ешкім жасап шығармайды. Сатып алушылардың кейбірі ескі телефондарды сатып алғысы келді, бірақ мен оларға сатпадым. Мұның барлығын сақтау қиын, десек те қолымнан келгенше жақсы қалыбын сақтауға тырысудамын», – дейді телефон жөндеуші маман.  width=

Серіктес жаңалықтары