МӘМС: амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тәртібі өзгерді

МӘМС: амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тәртібі өзгерді

МӘМС: амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тәртібі өзгерді
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов МӘМС қоры есебінен амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тәртібіне енгізілген өзгерістер туралы айтып берді. 2020 жылдың 1 қаңтарында күшіне енген амбулаториялық дәрі-дәрмектің жаңа тізімі жаңа нозологияларды қосу есебінен ұзартылды. Атап айтқанда ересектерге арналған 29 нозология мен балалардың 53 түрлі ауруы бойынша өзгерістер енгізіліп жатыр. «Мәслихаттың шешімімен бұрын енгізілген аурулар мен жергілікті бюджет есебінен қамтамасыз етілетін дәрі-дәрмек түрлері Міндетті әлеуметтік-сақтандыру қоры арқылы берілетін амбулаториялық дәрі-дәрмек тізіміне кіріктірілді. Бұл бастапқы өкпе гипертензиясы, Фабри ауруларына қатысты. Тізімге одан бөлек қосымша МӘМС аясында 135, КТМК аясында 36 дәрі-дәрмек түрі енгізілді. КТМК мен МӘМС жүйесі аясында 2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласының медициналық ұйымдары 13,7 млрд теңгенің дәрі-дәрмегі мен медициналық бұйымдарына өтінім берілді. Жергілікті бюджет есебінен биыл 21 түрлі сирек орфанды нозология бойынша пациенттерді дәрі-дәрмекпен қаму үшін 430 млн теңге бөлінді», – дейді Тимур Мұратов.