COVID-19: Антиденелер кімдердің ағзасында ұзағырақ сақталатыны белгілі болды

COVID-19: Антиденелер кімдердің ағзасында ұзағырақ сақталатыны белгілі болды

COVID-19: Антиденелер кімдердің ағзасында ұзағырақ сақталатыны белгілі болды
ашық дереккөзі
Коронавирустың симптомсыз түрін өткергендердің ағзасында түзілетін антиденелер індеттің ауыр түрімен ауырғандармен салыстырғанда тезірек жойылады. Вирустан айыққандарға арнайы зерттеу жүргізген ұлыбританиялық ғалымдар осындай тоқтамға келді. Зерттеу нәтижелері Лондонның империялық колледжі сайтында жарияланды, деп хабарлайды РИА Новости REACT (Real Time Assessment of Community Transmission) деп аталатын бұл зерттеуге ересек жастағы 365 мың адам қатысты. Олардың барлығы кездейсоқ таңдалған. Зерттеуге қатысушылар 20 маусым мен 28 қыркүйек аралығында үйлерінде коронавирусқа қарсы антиденеге үш рет жедел тест тапсырған. Нәтижесінде үш айдың ішінде Ұлыбритания тұрғындарының ағзасында антиденелер 6-дан 4,4 процентке дейін төмендеген. Зерттеу қорытындысы бойынша 75 және одан жоғары жастағыларға қарағанда 18-24 жас аралығындағы адамдарда  антидене ұзағырақ сақталатыны белгілі болды. «Иммундық жүйенің қаншалықты деңгейде антиденені қамтитынын және ол иммунитеттің қашанға дейін сақталатыны белгісіз болып қалды. Егер антиденені анықтауға тапсырған тест оң нәтиже көрсетсе, ол COVID-19 вирусына шалдықпауға кепілдік бермейді. Ол адам бәрібір карантин талаптарын сақтап, анализ тапсыруы тиіс. Ал симптомдар байқалатын болса, міндетті түрде маска таққан дұрыс», – дейді зерттеу жетекшісі Пол Эллиотт (Paul Elliott). Айта кетейік, бұдан бұрын АҚШ ғалымдары коронавирус індетінің жаңа қауіпті симптомын анықтаған болатын