«Жексұрын, түк те күлкілі емес» – Трамп «Борат» туралы

«Жексұрын, түк те күлкілі емес» – Трамп «Борат» туралы

«Жексұрын, түк те күлкілі емес» – Трамп «Борат» туралы
ашық дереккөзі
АҚШ президенті Дональд Трамп «Борат» псевдо-деректі фильмінде қазақстандық репортер Борат Сагдиевтің рөлін сомдайтын британдық актер Саша Барон Коэнді сынға алды. Бұл туралы USA Today порталы жазды.  АҚШ президентінің айтуынша, осыдан 15 жыл бұрын британдық комик оны келеке қылмақ болған, алайда Трамп ол шоудың жалған дүниеге құрылғанын сезіп, әрі қарай түсірілім барысына қатысудан бас тартқан жалғыз кейіпкер болған. Боратты жексұрынға теңеген ол: «Жасанды ойнайтын жігіт, түк те күлкілі емес», – деді. Өз кезегінде британдық актер тегін жарнама жасап бергені үшін АҚШ президентіне алғысын білдірді: «Мен де сені күлкілі деп санамаймын. Десек те, әлем саған күле қарайды. Мен нәсілшілдікке негізделген әзілдерді ойнау үшін үнемі кейіпкер іздеп жүремін, ал саған 20 қаңтардан кейін жұмыс іздеуге тура келеді», – деп жазды ол Twitter-дегі парақшасында. Айта кетейік, «Борат 2» фильмінің 23 қазанда Amazon Prime алаңында тұсаукесері өтті.