«Алтын алқа» иегері атанды

Сондай-ақ!

Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өтеді

Қазақстан конькишілер федерациясы сайтындағы мәліметке сәйкес, ел біріншілгі Алматыда қаласындағы «Алматы Арена» мұз сарайында 14-19 желтоқсан күндері өтеді. Жарысқа 14 жастан жоғары ересектер мен жас...

Шымкенттік жерлесіміз Грекияның ең жас депутаты

Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Алексей Волков Грекия парламенті мүшелерінің арасында ең жас депутат Мария Апатзидимен кездесті, – деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі. Әңгіме барысында...

Қытайдың ғарыш кемесі айға сәтті қонды

Қытайдың «Чанъэ-5» зонды сейсенбі күні Айдың бетіне сәтті қонды, – деп жазды ҚазАқпарат. Қытайдың Ұлттық ғарыш басқармасының мәліметінде: «Аппарат сәтті қонғаннан кейін, Айдың бетінде жүргізілетін...

Әшімбаев: Оралмандар мемлекет есебінен күн көргісі келеді

Саясаттанушы Данияр Әшімбаевтің пікірінше орыстардың Қазақстаннан үдере көшуі жақсы үрдіс емес. Сарапшының stanradar.com сайтына берген сұхбатынан қысқа да нұсқа үзінді ұсынады. Былтыр біздің елден 45,2 мың адам...

«Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ» дейді орыс ғұламасы Белинский. Расында да, осынау кіршіксіз пенденің орны қашанда биік тұрады. Оларға деген құрметіміз жоғары. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулар да аз емес. Жуықта Бестерек ауылының тұрғыны, Ғадас Салықов атындағы негізгі мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, бастауыш сыныптың мұғалімі  Семей Шаку  мен Мамай батыр ауылының тұрғыны 7 баланың анасы Алтынгүл Абылайхан «Алтын алқа» иегері атанды.  

Қуанышты жаңалықты бірге бөліскен Аблакет ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Дәулет Баймұратов Алтын құрсақты аналарға «Алтын алқаны» табыс етті.

«Қазақ халқы әрқашан отбасылық құндылықтарды жоғары қойған. Әсіресе, алтын құрсақты аналарды халқымыз ерекше қадірлейді. Отбасының алтын діңгегі болып, тағылымды тәрбие, ізгі дәстүрлер сабақтастығын жалғап жүре беріңіздер», – деді құттықтау сөзінде Аблакет ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Дәулет Баймұратов.

– Мен үшін балаларымның күлгені, отбасымызға шаттық сыйлағаны өте бағалы. Ал еліміздегі аналарға көрсетіліп келе жатқан құрметке шексіз ризамын. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Моңғолиядан  елім, жерім деп алғашқылардың бірі болып, Қазақстанға қоныс аударып келдік.  Атамекенге келіп, көптен күткен армандарымызға қол жеткіздік. Өскемен қаласындағы  педагогикалық колледжді 5 жыл оқып бітірдім. Қазіргі  таңда мамандығыма сай Ғадас Салықов атындағы негізгі мектепте қызмет етіп, шәкірттеріме сапалы білім, саналы тәрбие беруге тырысып келемін. Балаларымның болашағы Қазақстанмен тығыз байланыста болғанына қатты қуанамын. 7 құрсақ көте­ріп, «Алтын алқа» иегері атанып, Қазақстанның санын көбейтуге үлесімізді қосып жатқанымызға қуаныштымыз. Қазақта нақыл сөз бар ғой, «Әр баланың өз несібесі бар» деген. Балаларымыз аман-есен өсе берсін, – дейді Семей Шаку.

Алтын құрсақты жандар мемлекет қамқорлығына риза­шы­лығын айтып,  ақ тілегін жеткізді.

Болашағын ойлайтын мемлекет, ең алдымен, әйелдерге құр­мет көрсетуі тиіс. Қазіргі таңда Мемлекет басшысының тап­сыр­масы бойынша ауданда көпбалалы отбасыларымызға айрықша на­зар аударылып отыр. Баспанаға мұқтаж көпбалалы отба­сылар­ға қолдау көрсетіліп, баспана мәселелері де оң шешімін тауып келеді. Жүрегі жомарт, қайырымды,  іскер кәсіпкерлердің демеушілігімен ауданда бірнеше көпбалалы отбасы баспаналы бол­ды.

Эльмира АХМЕТОВА

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

Қазгидромет ескертеді: бүгін ел аумағында жел күшейеді

Сәрсенбіде Қазақстан аумағында жел күшейіп, тұман түседі, кей жерде көктайғақ болуы ықтимал. Қазгидрометтің...

Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өтеді

Қазақстан конькишілер федерациясы сайтындағы мәліметке сәйкес, ел біріншілгі Алматыда қаласындағы «Алматы Арена»...

Шымкенттік жерлесіміз Грекияның ең жас депутаты

Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Алексей Волков Грекия парламенті мүшелерінің арасында ең жас депутат...

Қытайдың ғарыш кемесі айға сәтті қонды

Қытайдың «Чанъэ-5» зонды сейсенбі күні Айдың бетіне сәтті қонды, – деп жазды...

«Абылай ханның үш арманын орындап жатырмыз» – Елбасы

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan» ұлттық арнасындағы «Түркістан: Көне...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...