18 Қазан, 15:06 506 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Көкшетауда жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты Уәлиханов көшесі мен Назарбаев даңғылының қиылысында болған. Жедел жәрдем көлігі мен «Volkswagen Passat» көлігі соқтығысқан. Зардап шеккендер жоқ, тек көлікке мехникалық залал келді.

«Алдына ала мәлімет бойынша, жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі өзге көліктер оны жіберіп тұрғанына көз жеткізіп алмай, жол бұрылысына шыққан. Енді жүргізушінің кінәлі немесе кінәлі емесін сот анықтайды», – дейді ведомстводан.

Жедел жәрдем көлігі жүргізушісінің сөзінше, ол қызыл түске келген кезде көліктер тоқтап, оған жол берген. Сол кезде өзге көліктердің артынан озып шыққан «Volkswagen Passat» көлігі келіп оған соғылған.

Соңғы жаңалықтар