1314
Бүгін – Қазақстанда рухани келісім күні
Бүгін – Қазақстанда рухани келісім күні
1992 жылы қазанда Қазақстанның сол кездегі астанасы Алматы қаласында Рухани келісімнің бірінші әлемдік конгресі өтті. Конгреске қатысушылар қазанның 18-ін рухани келісім, яғни қақтығыстар мен жанжалдарға тоқтам салу, татулық іздеу, жақынға қайырымдылық және көмек күні деп жариялау жөнінде манифест қабылдады.
Содан бері жыл сайын елімізде 18 қазан – Рухани келісім күні мемлекеттік деңгейде аталып өтіп келеді. Бүгінде республикада 140-тан астам ұлттар мен ұлыстар және 18 конфессия өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Республикамызда мекендейтін барлық халықтардың адамгершілік және рухани бірлігі – еліміздің одан әрі гүлденуінің басты іргетасы.