Қандастарға арналған халықаралық сурет байқауы жарияланды

Қандастарға арналған халықаралық сурет байқауы жарияланды

Қандастарға арналған халықаралық сурет байқауы жарияланды
ашық дереккөзі
1569
16-желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай «Отандастар қоры» ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен шетелдегі этникалық қазақтар мен өзге ұлт өкілдерінің, сондай-ақ елге оралған қандастардың мектеп жасындағы ұл-қыздары арасында «Қазақстан - әлем балаларының көзімен» тақырыбындағы халықаралық шығармашылық сурет байқауын жариялайды!
Байқауға 7 – 18 жас аралығындағы балалар қатыса алады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлер өзі туралы мәліметтерді алдын ала g_moonlight@mail.ru электронды поштасына жіберу арқылы тіркеледі:
- Тегі, Аты, Әкесінің аты;
- Қатысушының жасы;
- Ел, қала;
- Мекеменің атауы;
- Байланыс деректері (телефон нөмірі мен электронды поштасы).
Жұмыстар жас ерекшелігіне қарай екі топ бойынша бағаланады:
I топ - 7-12 жас аралығы;
II топ - 13-18 жас аралығы.
Шығармашылық жұмыстарды ресімдеуге қойылатын талаптар:
- Шығарманың тақырыбы мен мазмұн-маңызын ашу;
- Қазақстанның өсіп-өркендеп, көркейе түскен кескін-келбетін суреттеу;
- Қазақстан тарихы;
- Қазақстанның салт-дәстүрі;
- Мен Қазақстанның болашшағын қалай көремін;
- Ұлттық ертегілері.
- көркем жұмыстар I топ бойынша (7-12 жас аралығы) А3 қағаз форматында орындалады;
- көркем жұмыстар II топ бойынша (13-18 жас аралығы) А2 қағаз форматында орындалады;
- аралас техника қолдану;
- авторлығы міндетті түрде көрсетілуі тиіс (толық аты-жөні, жасы, елі мен қаласы);
- байқауға шығармалар қабылдаудың межелі мерзімі: 12 қазан - 12 желтоқсан аралығы;
- шығармашылық жұмыстар аталған мерзім аралығында g_moonlight@mail.ru электронды поштасына жіберілуі тиіс. Өтінім беру мерзімі аяқталғаннан кейін жолданған жұмыстар қабылданбайды;
- жеңімпаз бен жүлдегерлер 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күнінде жария етіледі.
Ережеге сәйкес жас ерекшелігіне қарай 2 топтан ең үздік деп танылған 3-3 шығармашылық жұмыстың 6 авторы байқау жүлдегері атанады. Нұр-Сұлтан қаласында қатысушылардың үздік жұмыстарының көрмесін өткізу жоспарланған.
Байқауда бағы жанған өресі биік өрендерге Назарбаев зияткерлік мектебі лагеріне маусымдық тегін жолдама беріледі және серіктестерден сыйлықтар алады!
Байланыс телефондары: 8 /7172/ 23 59 20. WhatsApp: +7 701 730 77 82.

Серіктес жаңалықтары