Қанат Иматов: Праймериз елімізге жаңа өзгеріс алып келері сөзсіз

Қанат Иматов: Праймериз елімізге жаңа өзгеріс алып келері сөзсіз

Қанат Иматов: Праймериз елімізге жаңа өзгеріс алып келері сөзсіз
ашық дереккөзі
414
Праймериздің дауыс беру кезеңі де мәресіне жетті. Түркістан облысы бойынша суырылып алға шыққан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сарыағаш ауданындағы «Сарыағаш – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі, Сарыағаш ауданы әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Қанат Иматовтың сайлауға қатысты пікірін білген едік. – «Nur Otan» партиясы — еліміздегі ең әлеуетті, саны жағынан басым, ресурстық базасы тұрғысынан үлкен ұйым. Жасампаз еліміздің жарқын болашағы үшін бас партиямыз жаңашыл бастаманы ұсынды. Мақсат - қоғам қолдауына ие, нақты жағдайды білетін беделді көшбасшыларды бәсекелестік негізінде іріктеу арқылы депутаттардың сапалық құрамын жақсарту. Отаны үшін отқа түсетін, елі мен жері үшін аянбай тер төгетін шынайы патриоттар үшін орайлы сәт туды. Джон Кеннедидің сөзімен айтқанда, «Ел мен үшін не істей алады деп сұрамаңыз, ел үшін өзім не істей аламын деп сұраңыз» деген сөзі әрбір азаматтың санасында атойлап тұруы керек-ақ. Көзі ашық, көкірегі ояу азамат ретінде мен де бәсекеге толы саяси додаға қатысуды жөн санап, өтініш білдірдім. Жасампаз еліміздің бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері орасан. Ал әрі қарай дамуы – өңіріміздегі жағдайларды жақсарту үшін қабылдайтын кешенді шараларға тікелей байланысты. Сол себепті нақты жоспар мен тиянақты іске көшу қажет. Осы орайда бас партиямыз халық пен кері байланыс арналарын орнатуға ерекше назар аударып, сайлауға ұсынылатын адал, іскер, ел сенетін жаңа көзқарасты саясаткерлерді іріктеп алудың тәсілі, халықаралық тәжірбиеде мойындалған – праймеризге қатыса отырып, халықтың әл-ауқатын жақсартуға, әлеуметтік әділеттілікті арттыруға менде лайықты үлес қосуды межелеп отырмын. Мені партияластарым қолдап, сенім білдірсе, мына мәселелердің шешілуіне ықпал жасайтын боламын. Праймериз өткізу ережесі бекітілгеннен кейін аудан аумағына қарасты елді мекендерді аралап, халықтың тұрмыстық жағдайын көзбен көріп, айтарын естідік. Түйіні тарқамаған түйткілдер талқыланып, тұрғындармен тиімді диалог өрбіді. Бағдарламамда отбасы құндылықтарын нығайту, елді-мекендердегі инфрақұрылым мен тұрғын үй мәселесі, сондай-ақ жастар арасындағы актуалды тақырыптарды қамти отырып, аудан әлеуметінің әлеуетін көтеретін нақты жоспарыммен көпшілікті таныстырдым. Саяси дода барлық қатысушылар үшін тартысты, ашық және әділ ұйымдастырылды деп білемін. Нәтижесінде, мен ұсынған бағдарлама партияластарымның көңілінен шығып, көптің қолдауына ие болдым. Менің ойымша, осындай ашық іріктеу — елдің болашағына көлеңке түсірмей, ертең елге қызмет ететін нағыз лидерлерге жол ашады. Сонымен қоса тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет қолға алынған жаңа бастама еліміз үшін оң өзгеріс алып келері сөзсіз. Ел келешегіне байыппен қарайтын әрбір қазақстандық үшін демократиялық жаңғырудың жаңа үлгісі саналған партияішілік сайлауда мені халық үмітін ақтайтын, ел сенімінің үдесінен шығар әріптестеріңіз ретінде қолдау білдіргендеріңізге алғыс білдіремін.

Серіктес жаңалықтары