Өзбекстанда Базар жырауға ескерткіш орнатылды

Өзбекстанда Базар жырауға ескерткіш орнатылды

Өзбекстанда Базар жырауға ескерткіш орнатылды
ашық дереккөзі
Өзбекстанның Науаи облысында Базар жырау Оңдасұлына ескерткіш орнатылды. Бұл туралы Үшқұдық ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі Telegram каналында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Балқы Базар жырау бюсінің ашылу салтанаты 3 қазан күні өтті. Шараға аудан әкімі С.Хамроев, Үшқұдық ауданы Қазақ мәдени орталығының қызметкерлері, аға буын және БАҚ өкілдері қатысты. Базар Жырау Оңдасұлы 1842 жылы Қазақстан Республикасы Қызылорда облысының Қармақшы ауданында дүниеге келген. Ел арасында Балқы Базар деп танылған. Өмірінің соңғы жылдарын Жалпақтау жайлауында, Ақбөгет топырағында өткізді. 1911 жылы дүние салып, Жалпақтауға сүйегі қойылған. Базар Жырауды Сыр бойының ақын-жыраулары, термешілері өздеріне ұстаз санаған. Оның туындылары «Терме», «Үш ғасыр жырлайды» жинақтарына енген.