Алматы облысының «Үздік мұғаліміне» автокөлік кілті табысталды

Алматы облысының «Үздік мұғаліміне» автокөлік кілті табысталды

Алматы облысының «Үздік мұғаліміне» автокөлік кілті табысталды
ашық дереккөзі
Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов ұстаздар қауымымен кездесті. Салтанатты шарада А.Баталов облыс педагогтарының жетістіктерін атап өтіп, мемлекет тарапынан білім саласына көрсетіліп жатқан қолдау шараларына тоқталды. «Жылдың үздік мұғалімі» номинациясының жеңімпазы Ақсу ауданы Ғани Мұратбаев атындағы орта мектептің математика пәнінің мұғалімі Қаймұханов Асыл Қайырбекұлына автокөлік кілті табысталды. Осыдан кейін өңір басшысы облысымыздың білім саласының дамуына қосқан зор үлесі және жас ұрпақты сапалы білім, саналы тәрбие берудегі табысты еңбегі үшін ұстаздарды облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, алғыс хатымен, және ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен, «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапаттады.