Коронавируспен күреске бөлінген 2,5 млн теңгені жымқырғандар сотталды

Коронавируспен күреске бөлінген 2,5 млн теңгені жымқырғандар сотталды

Коронавируспен күреске бөлінген 2,5 млн теңгені жымқырғандар сотталды
ашық дереккөзі
Алматы облысында «Денсаулық» бағдарламасы бойынша бөлінген 2,5 млн теңгенің жымқырылғанына қатысты сот үкімі шықты. «2020 жылдың 28 қыркүйегінде Алматы облысы Іле аудандық сотының үкімі шықты. Ол бойынша Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасына қарасты облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының директоры К.Қалдыбаевқа 30 240 930 теңге көлемінде айыппұл салынды. Ал сол мекеменің бас инженері Д.Туғамбаевтың 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығы шектелді», – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров онлайн брифинг барысында. Агенттік өкілінің хабарлауынша, бұған дейін олар «Денсаулық» бағдарламасы бойынша бөлінген 2,55 млн теңге сомасындағы бюджет қаражатын алдын ала сөз байласу бойынша ұрлады деп күдіктелген. Қаражат коронавирус (COVID-19) пандемиясымен күрес үшін дағдарысқа қарсы шаралар аясында аударылған.