Солтүстік Қазақстанда 28,5 мыңнан астам партия мүшесі өз таңдауын жасайды

Солтүстік Қазақстанда 28,5 мыңнан астам партия мүшесі өз таңдауын жасайды

Солтүстік Қазақстанда 28,5 мыңнан астам партия мүшесі өз таңдауын жасайды
ашық дереккөзі
291
Солтүстік Қазақстанда праймериздің соңғы кезеңі – қатысушылар үшін дауыс беру басталды. «Nur Otan» партиясының өңірдегі 28,5 мыңнан астам мүшесі өз таңдауын жасайды. Дауыс беру онлайн форматта және дәстүрлі тәсілмен-бюллетеньдер бойынша өткізіліп жатыр. Онлайн дауыс беру 1 қазан сағат 00.00-де басталды, 3 қазан сағат 14.00-ге дейін жалғасады. Бұл үшін нұротандықтар primaries.kz сайты және App Store мен Play Market-те қолжетімді «Праймериз» мобильді қосымшасын пайдалана алады.  width= «Петропавлда және облыс аудандарында мобильді қосымшаны немесе дербес компьютерді өз бетінше пайдалана алмайтындар үшін онлайн дауыс беру орындары жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар, аудандарда қажетті санитарлық-эпидемиологиялық құралдармен жабдықталған дәстүрлі дауыс беруге арналған учаскелер бар. Облыста 21 мыңға жуық партия мүшесі онлайн дауыс береді, бюллетень арқылы – 7,5 мыңнан астам адам», - деп баса айтты «Nur Otan» партиясының СҚО филиалының бөлім меңгерушісі Айзада Рахметова. Өңірде  632 кандидат праймеризге қатысқан.

Серіктес жаңалықтары