Түркістанда таңғажайып этноауыл ашылды

Түркістанда таңғажайып этноауыл ашылды

Түркістанда таңғажайып этноауыл ашылды
ашық дереккөзі
1850
Түркістан қаласында Қ.Яссауи мұражай-мемориалдық кешенінің органикалық жалғасы іспетті этноауыл экспозияциясы ашылды. Өткен ғасырлар тарихынан сыр шертетін этноауылға келген жан қазақ халқының салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары және мәдениетімен анағұрлым жақынырақ танысады. Келген қонақтар этноауылға кіре салып ертегілер әлеміне тап болғандай күй кешеді. Мұнда келген алғашқы қонақтарды ұлттық нақышта киінген шығыстың сұлулары мен батырлары күтіп алады. Сондай-ақ, жас палуандар күш сынасып, балалар асық атып, тоғызқұмалақ ойнайды. Шара барысында еліміздің түкпір-түкпірінен арнайы шақыртылған қолөнер шеберлері дайындаған ұлттық киімдер мен бұйымдардың таңғажайып түрін көрсетті. Олар қазақ әйелдері мен қыздарының киімдері әр аймақтағы ерекшелігін түсіндірді. Ортағасырлық сауда-саттық көшесінде шеберлер қыш, ағаш және металдан тұрмыстық бұйымдарды қалай жасау керегін, сондай-ақ, ежелгі тоқыма станогында кілем тоқуды, былғары өндіруді үйретеді. Этноауылға келген әрбір жан шебердің жасаған бұйымдарын өз қолдарымен жасап көруіне болады. Сонымен қатар, базарда бүгінге дейін жеткен және ұмытыла бастаған көшпенді халықтың ұлттық сусындары дайындалып, қонақтарға тарту етіледі. Ерте ортағасырлардағы кейіпкерлер қарттарға, әйелдерге және жас аналарға күш беру үшін берілетін тағамдардың дайындалу рецептін және оның адам денсаулығына пайдасын түсіндірді. Бұдан басқа, қонақтарға қой союды, жаңа сойылған қойдың еті мен ішегінен жасалатын жөргем, жаужүрек деген тағамдардың дайындалу жолы мен мән-мағынасы айтылды. Сондай-ақ, келушілерге таба нанның түрлері мен табиғи өнімдерді қоспа ретінде пайдаланылған дәмі тіл үйіретін құрттар да ұсынылды. Ұлттық тағамдардан дәм татқан қонақтар ары қарай этноауылдың төрінде ерекше безендірілген Ханның киіз үйіне де барды. Сол маңынан жаттығып жүрген садақшылар мен батырларды, бүркіттер мен тазыларды тамашалады. Сондай-ақ, бұл этноауылдан қазақ халқының ежелден келе жатқан отбасылық іс-шаралардың түп нұсқасын да көруге болады.

Серіктес жаңалықтары