211
Түркістан облысында 12 мыңға жуық нұротандық өз таңдауын жасады
Түркістан облысында 12 мыңға жуық нұротандық өз таңдауын жасады
Түркістан облысында праймериздің онлайн дауыс беру кезеңі қарқын алды. 1 қазан күнгі кешкі сағат 19:00-ге дейінгі көрсеткішке сай еліміз бойынша Түркістан облысы 11 447 дауыс берушімен алғашқы үштікте келеді.
Естеріңізге сала кетейік, жалпы облысымызда «Nur Otan» партиясының 78262 мүшесі 1-3 қазан аралығында өтетін дауыс беруге қатысатын болады. Олар 245 бастауыш партия ұйымдарына бекітілгенін айта кеткен жөн.
Облыстың аудан, қалаларында 209 дауыс беру орны белгіленсе, оның ішінде 170 орында онлайн форматта, 39 орында дәстүрлі қағаз бюллетенімен дауыс беруге арналған.
Праймеризге облыстың барлық аудан, қалаларынан 1076 үміткер қатысып жатыр. Оның ішінде бастауыш партия ұйымдарынан – 207 (19,2%), өзін-өзі ұсынған – 869 (80,8%), әйелдердің үлесі – 353 (32,8%), жастардың үлесі 312-ні (28,9%) құрады. Түркістан облысы бойынша бір орынға орта есеппен 4 адамнан тіркелді. Жалпы өңірде облыстық және жергілікті мәслихаттарда 320 орын бар.
Дауыс беруге қатысатын 78262 партия мүшесінің 68183-і (87,1%) онлайн, 10079-ы (12,3%) қағаз бюлетенмен дауыс береді. Онлайн дауыс беру орындары 600-ге жуық компьютермен және интернетпен қамтамасыз етілген.