282
Бағдат Мусин: Праймериз – елдің қоғамдық-саяси дамуындағы жаңа кезең
Бағдат Мусин: Праймериз – елдің қоғамдық-саяси дамуындағы жаңа кезең
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Facebook-парақшасында Праймериз туралы пікір білдірді.
Министр Праймериз өткізу барысындағы жұмыстар ойдағыдай атқарылып жатқанын және бүгінде қаншама адам ролик дайындап, қатысуға бел буғанын айтты. «Біздің ХҚКО-ның өзінен 119 адам праймеризге өз кандидатурасын ұсынды! Менің әкем де бағын сынап көруге шешім қабылдады. Алайда оны райынан қайтарғым келді. Бірақ екінші жағынан қарасақ, әрбір белсенді азамат қатысқысы келсе, оның қандай зияны бар? Партия мүшесі ретінде «Праймериз» қосымшасына кірдім. Бірінші беттен бастап жағымды дүние, түсінікті әрі ыңғайлы интерфейс. Нақты уақыт режимінде берілген өтініштердің санын байқауға болады, ал дауыс беру кезінде процесті бақылай аласың. Қызық үшін жүйені айналып өтіп, жаңа аккаунтпен тіркелдім. Алайда шифрлау және қорғаныс жүйесі бұған төтеп берді. Телефон арқылы қайта кірген кезде, процесті жылдамдатып, автоматты түрде Pin, Face немесе Touch ID растағаннан кейін кіруді ұсынады. Қауіпсіздік бойынша әртүрлі сарапшылармен, соның ішінде кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығымен жұмыс істедік. Олармен сөйлескеннен кейін, шифрлау жүйесін DDoS шабуылдарынан қорғау және сенімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілді. Сайттың өзі және AppStore мен Google Play-дегі қолжетімді мобильді қосымшалар өте жақсы жұмыс істейді, кідіру және шағымдар жоқ. Праймериз – елдің қоғамдық-саяси дамуындағы жаңа кезең, өйткені бұл «Nur Otan» партиясына халық арасынан өзіндік көзқарасы бар, өзекті мәселелерді білетін, көшбасшы азаматтарды тартуға көмектеседі. Жақында дауыс беру басталады, мен де міндетті түрде дауыс беремін. Қатысушыларға сәттілік! P.S. Тағы бір факт қуантады, жүйе мен қосымшаны толығымен өзіміздің мамандар құрастырды. Дауыс беру барысын және оның нәтижелерін бақылау қызықты болады», – деп жазды Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Мусин әлеуметтік желідегі парақшасында.