Апат айтып келмейді десек те...

Апат айтып келмейді десек те...

Апат айтып келмейді десек те...
ашық дереккөзі
571
Мемлекет басшысы өз Жолдауында біздің табиғи және техногендік апаттар дәуіріне аяқ басқанымызды ескере отырып, елімізде Төтенше жағдайлар министрлігін қайта құруды тапсырды. Президент Төтенше жағдайлар министрлігінің алдына ел халқының, объектілері мен аумақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде нақты міндеттер қойды. Осы орайда халықаралық Túrkistan газеті жаңадан қайта құрылған Төтенше жағдай министрлігіне табиғи және техногендік сипаттағы апаттар турасында сауалдар жолдаған болатын. Жыл сайын көктемде су тасқыны мен сел қаупі күшейеді. Елімізді COVID-19 індеті жайлап, халықтың күн кө­рі­сі қиындаған ке­зеңде Мақтааралды бір түн­нің ішінде су басып, ха­лық бар мал-мүл­кінен айырылды. Өзбекстан тарапы апаттың шы­ғынын өтеуге атсалысты, қарапайым ха­лық қолынан келген көмегін аямай, еліміздің әр өңірінен гуманитарлық көмек ағы­лып келіп жатты. Мұндай су тасқыны қайталанған жағ­дайда Төтенше жағдайлар министрлігінің қа­зіргі дайындығы қалай деген сауал туындайды. Ми­нистрлік су тасқыны кезеңіне дайындық мақ­сатында өңірлерге қорғаныс бө­геттерін салу және жөн­деу, жағалауды бе­кіту, түбін тереңдету, су тас­қыны қаупі бар өзендердің арналарын түзету, су бұру арналарын орнату, арналарды, арықтар мен авто және теміржол көпірлері астындағы су өт­кізу құрылыстарын тазарту бойынша жұмыс­тар жүргізіліп жатқанын хабарлады. Су тасқынына байланысты Үкіметтің тапсырмасы бойынша төтенше жағдайлардың ал­дын алу мақсатында 2017-2020 жылдарға ар­нал­ған су тасқыны қаупінің алдын алу жөнінде Жол картасы іске асырылып келеді. Қабылданған ша­ралар нәти­жесін­де тасқын болған 1 046 елді ме­кеннің 437-де су басу қаупі толығымен жойылса, 287-де қауіпті барынша азайту шарасы қарас­ты­рылған. Жалпы, Төтенше жағдайлар министр­лігі иелігінде су тасқынына қарсы кү­рес жә­не зардап шеккендерді эвакуациялау үшін 1 790 техникалық құрал бар, ал су тасқыны орасан зор болған жағдайда ІІМ күш­тері мен құрал­дары­ның тобы көмекке ке­леді. Көктемде болуы мүм­кін төтенше жағ­дайларға мамандардың дайын­ды­ғын тексеру үшін жыл сайын «Көктем» рес­пуб­ликалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өт­кізіледі. Сонымен қатар Қазақстан Респуб­ли­касы­ның Үкіметі, Қырғыз Респуб­ли­касының Үкі­меті, Тәжікстан Республи­касы­ның Үкіметі, Түр­кіменстанның министрлер кабинеті және Өз­бекстан Республикасының Үкіметі арасындағы гидротехникалық құры­лыстардың қауіпсіздігі саласындағы ын­ты­мақтастық туралы келісімнің жобасы пы­сық­талуда. Былтыр Арыс қаласындағы КСРО дәуірінен қал­ған әскери бөлімнің қару-жарақ қой­масында болған жарылыс соңы алапат өртке ұлас­қан болатын. Қала эвакуацияланып, елімізде тө­тенше жағдай жарияланды. Елді дүрліктірген жа­рылыс бұрын-соңды болмаған ең ірі техногендік апат деп бағаланды. Төтенше жағдай сал­дары­­нан 7 633 жеке баспанаға және 100 көп қабатты үй­ге зиян келді. Апаттың салдарымен күрес ша­ралары қалай жүріп жатыр деген сауалымызға: «Қала 17 секторға бөлінген және әр секторға әкімдіктерден, облыстардан, республикалық маңы­зы бар қалалардан жауапты тұлғалар бе­кітілді. Әр облыс өз секторындағы құрылыс жұ­мыс­тарына жауап береді. Әрбір тұрғын үйде келтірілген зиянға байланысты ақау актісі бойынша жасалған сметаға сәйкес құрылыс жұмыстары жүр­гізілді. Қазіргі уақытта 7 534 жеке тұрғын үй және 97 көп қабатты үй жөнделді. Тұрғын үй­лердің құрылыс жұмыстары бекітілген өн­дірістік кестеге сәйкес жүргізілуде», – деп жауап берді Төтенше жағдайлар министрлігі. Бізді алаңдатқан ендігі мәселенің бірі – орман өртінің көбеюі. Жалпы, жыл сайын рес­публикада орта есеппен 4 мың та­биғи өрт дерегі тіркеледі. Өрттің жалпы ау­даны шамамен 200 мың гектарға дейін жетеді, ал өрттен келті­ріл­ген залал 150 млн теңгеден асады. Министрлік ор­ман өрттерінің 80 пайызға жуығы адамдардың сал­ғырттығынан болады деп мәлімдеді. Табиғи өрт­терді сөндіруге жалпы алғанда 34 мың адам жә­не 6 мың техника күші жұ­мылдырылады. Ор­ман-дала алқаптары мен демалыс орындарында жүр­гізілген рейд барысында орылған шөпті өр­тегені және басқа да өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұз­ғаны үшін 976 азамат әкімшілік жауапкерші­лікке тар­тылған. Салынған айыппұл көлемі де қо­­­мақты, 4,7 млн теңгеден асады. Алайда қабылданып жатқан шараларға қара­мас­тан, өрттің қауіпті кезеңі басталғалы бері ел ау­мағында дала өртінің 2,3 есе өсуі тіркелген. Са­лыстыру үшін айтсақ, былтыр 51 факті тіркелсе, биыл 119-ға жеткен. Осы орайда министрлік та­биғи өрттердің алдын алу бойынша жұмыс­тарды тұрақты негізде жүргізетінін және бас­шы­лықтың тұрақты бақылауында болатынын хабарлады. Соңғы жылдары елдегі биік ғимараттар өртке оранатын жағдайлар көбейді. Ал өрт кезінде ең маңызды мәселе – азаматтарды құт­қару. Осы орайда Төтенше жағдай­лар ми­нистр­лігі өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзуға кө­бінесе тұрғындардың өздері жол беретінін ес­кере отырып, қызмет көрсететін ұйым­дармен, жер­гілік­ті атқарушы органдар­дың өкілдерімен бір­лесіп жоғары қабатты тұрғын үйлердің тұрғын­да­рымен тұрақты негізде жиындар өткізеді. Қазақ апат айтып келмейді дейді. Тосыннан келер табиғаттың апатынан ешкім сақ­тандырылмаған. Алайда «Сақтан­саң, сақ­тай­мын» деген нақыл сөз бар. Осы орайда төтенше жағ­дай саласы мамандары­ның кәсіби біліктілігі қан­дай деңгейде деген сауал туындайды. Аза­маттық қорғау саласында білікті мамандарды даяр­лау Төтенше жағдайлар министрлігі қыз­метін ұйымдас­тырудағы басым бағыттың біріне айналған. Бұл бағытта Көкшетау техникалық институты 1997 жылдан бастап 5 мыңнан астам маман даярлаған, азаматтық қорғау орган­дары­ның 4,5 мыңнан астам қызметкері қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарынан өткен. Қазіргі уақытта ТЖМ бөлімше бас­шыларының 98,9 пайызының бейінді ба­залық білімі бар және олар азаматтық қор­ғау саласындағы білікті мамандар. Биыл еліміздің Азаматтық қорғау ор­гандарының құрылғанына 25 жыл то­ла­ды. Қазіргі кезде Төтенше жағдайлар ми­нистр­лігі өзінің аумақтық бөлімшелерімен тех­ногендік сипаттағы төтенше жағдайларға ден қоятын же­дел қызметті атқарады. Бұл – тұрақ­ты сұра­ныс­тағы және тәулік бойы дайын­дықта тұрған күш­тер мен құралдар. Иелі­гінде өрт сөндіру, ава­­риялық-құтқару және арнайы техникалар, жаб­дықтар мен жа­рақтар бар. Құрамына өрт сөндірушілер, құт­қару­шы­лар, кинологтар, дәрігерлер, психо­логтар, ұш­қыштар кіретін төтенше жағ­дай қызметкерлері ел басына қауіп төн­ген сын сағатта аянып қалған емес. Соңғы жыл­дары республиканың өрт-құт­қару бөлім­шелерін инновациялық техникалық қай­та ж­арақтандыру бойынша белгілі бір нә­ти­желерге қол жеткізді. Заманауи талаптарға жауап беретін түбегейлі жаңа және тиімді өрт сөн­діру технологиялары енгізілді. Министрлік зілзала мен авариялардың сал­дарын жою, олардың туындау қатерін бас­қаруды, әлеуметтік, экономикалық және эко­логиялық жүйелерге әсерін азайтуға күш салып отыр. Сонымен қатар әкімшілік кедергілерді жою бойынша ұйымдастырушы­лық және құқықтық шаралар қабылдануда. Салынып жатқан және іске қосылатын мем­лекеттің өнеркәсіптік инф­рақұрылымының қауіпті және стратегиялық маңызды ныса­н­дар­дың аварияға қарсы тұрақ­тылығын арт­тыру жөніндегі шаралар кешені іске асырылуда. Қазіргі уақытта Мемлекет басшысы Төтен­ше жағдайлар министрлігінің ал­дына ел халқының, объектілері мен аумақ­тарының қауіп­сіздігін қамтамасыз ету жөнін­де нақты міндеттер қойды. Оларды шешу күн сайынғы күшейтілген ба­қылауда тұр. Табиғи және техногендік сипат­тағы төтенше жағ­дай­­лардың алдын алу, жою тиянақты әзірлік­ті талап етеді. Бірнеше қызметті біріктіретін құрылым өнеркәсіп қарыштап да­мыған заманда мемлекеттің әрбір азаматы мен эко­но­микалық әлеуетімізді қауіп-қатерден қор­­ғауды жүзеге асырады.

Серіктес жаңалықтары