1271
Дидахмет Әшімханұлына ескерткіш қойылды
Дидахмет Әшімханұлына ескерткіш қойылды
Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданында белгілі жазушы Дидахмет Әшімханұлына ескерткіш орнатылды.
Жазушының 70 жасқа толуына орай ашылған ескерткіш Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданында өзі қызмет еткен Мәдениет үйінің алдында бой көтерді.
Дидахмет Әшімханұлы 1950 жылы 10 маусымда Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданына қарасты Жаңаүлгі ауылында дүниеге келген.
1978 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.
1978-1980 жылдары «Қазақстан пионері», 1981-1992 жылдары «Қазақ әдебиеті», 1992-1994 жылдары халықаралық «Заман – Қазақстан» газеттерінде жұмыс істеген. 1994 жылдан халықаралық «Түркістан» газеті бас редакторының орынбасары, «Ел-шежіре» қоғамдық қорының президенті және «Алаш» баспасының директоры қызметін атқарған.
Жазушының «Аққабаның толқыны» (1981), «Он бірінші күз» (1987), «Каменная падь» (1990), «Жер аңсаған сары атан» (1998), «Самырсын сазы» (2000) атты әңгімелер мен повестер жинақтары жарық көрді. Шығармалары әлемнің бірнеше тіліне аударылған. Сонымен қатар қаламгер А.Курчаткин, Т.Минулмен, А.Аширов, Х.Абдуллин, П.Пурзверу, т.б. шығармаларын қазақ тіліне аударған.
Д.Әшімханұлы 2005 жылы Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты атанған.