Праймериз: Ақтөбе облысында 87 пікірсайыс өтті

Праймериз: Ақтөбе облысында 87 пікірсайыс өтті

Праймериз: Ақтөбе облысында 87 пікірсайыс өтті
ашық дереккөзі
252
Бүгін Ақтөбе облысында жария пікірсайыстың соңғы легі сөз жарыстырды. Үміткерлер халықтың көкейіндегі түрлі мәселелерді көтеріліп, оңтайлы шешу жолдарын ұсынды. Сөйтіп, жария пікірсайыстар өз ойын ашық айта ала­тын, тиімді бастамалар арқылы  мәселе­лер шешуге ықпал ететін нағыз диалог алаңы­на айналды. Праймеризге қатысушылардың  көбі білім, денсаулық, кәсіпкерлік саласындағы мәселелерді шешуге күш салғысы келе­ді. Оның ішінде білім беру саласына жаңашылдық енгізіп, үш аусымды мектептерді жоюға атсалысқысы келетіндер бар.  Ал жастардың арасындағы жұмыссыздық пен баспана тапшылығын азайту әрбір кандидаттың бағдарламасына арқау болды. Сондай-ақ жол сапасын жақсартуға жаңа техно­логияларды пайдалану, аулаларды абат­­тандыру мақсатында тың тәжіри­бе­­­лерімен бөліскендер де жоқ емес. Пікірсайыс кезеңіне қатысып жатқан үміткерлердің көбі экологиялық проблемаларды көтерді. Олар көгалдандыру жоспарын, су көздерін қорғау және су балансын сақтау стратегиясын құрғанда ғана жұмыс жүйелі жүретінін жеткізуде. Табиғатты қорғау үшін ауаны, суды және жерді тиімді пайдалануды ұсынды. Бұдан өзге, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы орта қалыптастыру,  тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлықпен күрес, жас маман­дарды ауыл­дық жерлерге тарту сияқты тақырыптарда үміткер­лер өз ойын ортаға салды. Соның ішінде ауыл шаруашылығы мәселелері, оның ішінде  субцидия жайы көбірек қозғалды. Партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ербол Данағұлов пікірсайыстарға арнайы қатысып, қатысушылардың ұсыныстарымен танысты.Үміткерлердің сөз сайысын тың­да­ғандар қатарында партияның облыстық филиалы төрағасы, облыс әкімі  Оңдасын Оразалин, қалалық филиал төрағасы, қала әкімі Асхат Шахаров және аудандық филиал төрағалары да бар. – Осыған дейін үміткерлер партияластарымен 5 мыңнан астам кездесу өткізіп, өз бағдарламаларын ұсынған болатын. Оның 4636-сы бетпе-бет,  595-сі онлайн форматында өтті. 16 жерде 87 пікірсайыс ұйымдастырылды. Бұл олардың сайлауалды бағдарламаларымен мұқият танысуға, сөйтіп партияластарымыздың дұрыс таңдау жасауына мүмкіндік беретіні сөзсіз. Енді алдымызда праймериздің жауапты кезеңі бар. Қазіргі таңда партияішілік сайлауда дауыс беретін 118 орын толығымен дайын. Дауыс беру 76 учаскеде онлайн, ал 42-сінде дәстүрлі түрде өтеді. 285 дауыс беру кабинасына 205 компьютер орнатылып, ғаламтормен қамтамасыз етілді, - деді Ербол Данағұлов.  width=   ⠀  

Серіктес жаңалықтары