Ақтөбе облысы әкімінің бұрынғы орынбасары 12 жылға сотталды

Ақтөбе облысы әкімінің бұрынғы орынбасары 12 жылға сотталды

Ақтөбе облысы әкімінің бұрынғы орынбасары 12 жылға сотталды
ашық дереккөзі
253
Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық сотында Ақтөбе облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Руслан Мамуновқа қатысты сот үкімі шықты. Ол Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша - алаяқтық, қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті жария еткені (жылыстатқаны) және пара беруге итермелегені үшін айыпталды. Экс-шенеунік Қостанайдың экс-әкімі Ахмедбек Ахметжановтың туыстарынан 1,2 миллион долларды заңсыз алғаны үшін кінәлі деп танылды. Айыптау қорытындысына сәйкес, Мамунов бұл ақшаны алып, 2016 жылы аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін сотталған Ахметжановқа үкімді жеңілдету туралы келісімге уәде берді. Алайда Мамунов оған Қостанайдың бұрынғы әкімінің әйелі мен ағасы берген ақшаны Нұр-Сұлтанда екі Lexus автокөлігі мен 2 бөлмелі пәтер сатып алуға жұмсаған. Нұр-Сұлтан қалалық сотының судьясы Әділхан Шайхисламов: "Руслан Мамунов кінәлі деп танылып, оған орташа қауіпсіз колонияда жазасын өтей отырып, 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын",  - деп үкімді оқыды.    

Серіктес жаңалықтары