Бүлдіршіндерге қастандық жасаған балабақша тәрбиешісі өлім жазасына кесілді

Бүлдіршіндерге қастандық жасаған балабақша тәрбиешісі өлім жазасына кесілді

Бүлдіршіндерге қастандық жасаған балабақша тәрбиешісі өлім жазасына кесілді
ашық дереккөзі
566
Қытайда балабақша қызметкері өлім жазасына кесілді, деп хабарлайды РИА Новости. Цзяоцзо қаласында "Мэнмэн" балабақшасында жұмыс істеген Ван Юнь есімді тәрбиеші орта топқа жауапты тәрбиешімен жанжалдасып қалған. Артынан әріптесінен өш алу мақсатында оның тобына барып жүрген балаларды улауға шешім қабылдайды. Сөйтіп, 2019 жылы 27 наурызда таңертең балалардың ботқасына натрий нитритін салып жіберген. Сол күні 25 бала уланып, ауруханаға түсті. Балалардың бірі көз жұмды. Тергеу материалдарына сүйенсек, бұған дейін Ван Юньн осы іспетті тағы бір қылмыс жасаған. Осыдан үш жыл бұрын үйдегі жанжалдан кейін ол күйеуін улаған. 2017 жылы ақпанында интернет арқылы натрий нитритіне тапсырыс беріп, химиялық затты суға қосып, күйеуіне берген. Ер адам уланғанымен, денсаулығына үлкен қауіп төнбеген. Тәрбиешінің ісін жіті зерттеген Цзяоцзо қаласының орта санаттағы халық соты оны өлім жазасына кесу туралы шешім қабылдады.  

Серіктес жаңалықтары