203
Қандасымыз Моңғолия Парламентінің спикеріне қазақтың қамшысын сыйлады
Қандасымыз Моңғолия Парламентінің спикеріне қазақтың қамшысын сыйлады
Моңғолия Парламентінің спикері Гомбожавын Занданшатар 28 қыркүйекте Баян-Өлгий аймағына арнайы іссапармен барып қайтты. Бұл туралы моңғолиялық kaznews хабарлайды.
Спикер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында төмендегідей жазба қалдырыпты.
"Баян-Өлгийде тұрғындармен кездесу кезінде әкемнің сыныптасы, еңбек сіңірген агроном Рахадыл ақсақал және әкеммен бірге «Чандаган» бірлестігінде жұмыс істеген тракторшы Айыпхан қария өздерінің жақсы естеліктерімен бөлісіп, маған жақсылық пен табыс тіледі. Рахадыл ақсақал қазақтың қамшысын сыйға тартты. Ол қамшының елде әділдікті, тәртіпті сақтау үшін қажет болатынын айтты.
Әкемнің достарының батасын қабыл алып, әділеттілік жолында өзімді де қамшылап жүретін боламын.
"Қарттарым аман сау болсын, көп жасаңыздар", - депті Моңғолия Парламентінің спикері.