Коронавирус пандемиясының басты себебі анықталды

Коронавирус пандемиясының басты себебі анықталды

Коронавирус пандемиясының басты себебі анықталды
ашық дереккөзі
302
Поляк ғылым академиясы мен Варшава университетінің ғалымдары коронавирус пандемиясының басты себебін анықтады. Олардың пікірінше, індеттің бүкіл әлемге қарқынды түрде жайылуына «супертаратушылар»  – вирусты бірден көп адамға жұқтыратын науқастар себепкер болды. Бұл туралы Royal Society Open Science журналында жарияланған мақалада айтылған. Коронавирус енді тарай бастаған уақытта ғалымдар бір адам орта есеппен 3,8 адамға індет тарата алады деп топшылаған болатын. Алайда компьютерлік модельдеу қорытындысы 2020 жылдың наурыз және сәуір айларында «супертаратушылардың» әсерінен вирустың репродукция индексі  11-ге жеткенін, яғни бір адам індетті 11 адамға жұқтыруы мүмкін екенін көрсетті. Ғалымдардың айтуынша, «супертаратушылар» бұқаралық шараларға бару арқылы бірден көп адамға вирус жұқтырады. Егер олар футбол матчтары немесе концерттерге барса, індеттің таралу қарқыны тіпті үдей түспек. Мұны Испания мен Италия тәжірибесінен көруге болады. Шектеу шаралары енгізіліп, адамдардың топталып жиналуына тыйым салу арқылы аталған елдерде індетті жұқтыру көрсеткіші күрт төмендеді. Джонс Хопкинс университетінің соңғы дерегінше, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 31,8 миллионнан асты. Індеттен 976 мыңнан астам адам қайтыс болды. Еске сала кетейік, бұған дейін Канадада коронавирустың екінші толқыны басталғанын хабарлағанбыз.

Серіктес жаңалықтары