Қазақстанда құс тұмауының өршу себебі анықталды

Қазақстанда құс тұмауының өршу себебі анықталды

Қазақстанда құс тұмауының өршу себебі анықталды
ашық дереккөзі
665
Елімізде құс тұмауының күрт өршуіне не себеп болғаны белгілі болды. ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева мән-жайды түсіндірді.  «Эпизоотиялық зерттеу жұмыстары көрсеткендей, алдымен, солтүстіктен оңтүстікке көшіп бара жатқан жабайы құстардың өлімі тіркелген. Ауру ортақ су қоймасын пайдаланудан келген. Лабораториялық зерттеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін, құстардың қандай диагноздан қырылғаны белгілі болды – ол жоғары патогенді құс тұмауы. Мониторинг барысында жабайы құстардың (аққулар мен үйректердің), қарғалар мен сауысқандардың, көгершіндердің қырылғаны анықталды», - деді министрдің орынбасары. Гүлмира Исаева Петропавлдағы орталық бақта қырылған қарғалар, сауысқандар мен көгершіндер жиналып, өртелгенін жеткізді. Сондай-ақ, вице-министр құс тұмауы салдарынан шығынға батқан шаруа иелеріне мемлекеттен 400 млн теңге бөлінетінін мәлімдеді. «Эпизоотияға қарсы республикалық отряд қырылған құс үшін өтемақы төлейтін ресми ұйым саналады. Жыл бойы әкімдіктерде қырылған мал мен құстың нарықтағы құнын айқындап беретін арнайы комиссиялар жұмыс істейді. Әкімдіктердің шешіміне сәйкес эпизоотияға қарсы республикалық отряд аймақтың ветеринарлық қызметінен керекті материалдардың бәрін алып, құсы қырылған әрбір шаруа иесінің шотына өтемақы аударады. Егер құжаттардың бәрі дұрыс болса, өтемақы үш күннің ішінде түсуі керек. Бүгінгі таңда отрядта 390 млн теңге жинақталған. Осы сома жеке шаруашылықта бағылған және құс тұмауынан қырылған құстардың бағасының айқындалуымен өтемақы ретінде беріледі», - деп түсіндірді Г. Исаева. Еске сала кетейік, құс тұмауы еліміздің 5 облысында тіркелді.    

Серіктес жаңалықтары