21 Қыркүйек, 16:31 519 0 Аймақ Анар ЛЕПЕСОВА

Еліміздің 5 аймағында құс тұмауы тіркелді

Қазақстанның 5 облысында құс тұмауы тіркелді. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева мәлімдеді.

«Бүгінге дейін 47 елдімекенде (25 аудан мен 5 облыста) құс тұмауынан құстардың қырылу фактісі тіркелді. Жеке үйлерде 12 926 үй құсы, сондай-ақ Солтүстік Қазақстандағы құс фабрикаларында 41 мың құс қырылды. Аймақтарды бөліп қарайтын болсақ, СҚО-да 27 ауданда (11 ауданда) құстың қырылу фактісі тіркелді. Оның ішінде құс тұмауы 23 елдімекенде (8 ауданда) расталды. Тиісінше 17 қыркүйектен бастап Ауыл шаруашылығы министрлігі Солтүстік Қазақстандағы жеті ауданнан және Айыртау ауылдық округінен құс өнімдерін шығаруға уақытша тыйым салды», - деді Гүлмира Исаева.

Құс өнімдерін сыртқа шығаруға тыйым салынған жеті ауданның қатарында Тимирязев, Жамбыл, Қызылжар, Тайынша, Шал ақын, Ғ.Мүсірепов және М.Жұмабаев аудандары бар.

Вице-министрдің айтуынша, 19-21 қыркүйек аралығында «Бескөл» құс фабрикасында 41 мыңға тарта құс қырылған. Ақмола облысында 5 ауданның 9 ауылында құстың қырылу фактісі тіркеліпті. Жалпы 286 құс өлген. Кеселдің одан әрі тарауына тосқауыл қою үшін 19 қыркүйектен бастап Ақмола облысының Жарқайың ауылдық округінен құс өнімдерін сыртқа шығаруға уақытша тыйым салынды.

Сондай-ақ, Қостанай облысының 6 ауданында індет тарап,  505 құс қырылғаны белгілі болды.

 

 

Соңғы жаңалықтар