250
Қазынаға 33 млрд теңге қайтарылды
Қазынаға 33 млрд теңге қайтарылды
Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы Жанат Элиманов елімізде ұйымдасқан экономикалық қылмыс өршіп тұрғанын айтты.
«Соңғы 8 айда 44 ұйымдасқан экономикалық және 1394 экономикалық құқық бұзушылыққа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Мұның тең жартысы ауыр және аса ауыр қылмыс болды. Қазынаға қайтарылған қаржы мөлшері 20% ұлғайып, 33 млрд теңгені құрады», – деді комитет төрағасы.
Оның сөзінше, қазір прокуратура органдары мен ұлттық қауіпсіздік комитеті «Стоп – Обнал» жедел профилактикалық іс-шарасын жүзеге асырып жатыр. Бірлескен жоба көлеңкелі экономикамен күреске бағытталған.
«Қылмыстың алдын алудың маңызы зор. Қаржыны заңсыз айналдырудың салдарынан бюджетке миллиардтаған салық төленбейді. Көп жағдайда бір күндік фирмалар арқылы заңсыз шешілген қаржы бюджетке тиесілі болып жатады. Осында» тәсіл арқылы капитал шетелге заңсыз шығарылады», – деді Жанат Элиманов.
Төрағаның айтуынша, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің есепшоты арқылы екінші деңгейлі банкттерден қаражатты заңсыз шешкен 60-тан астам ұйымдасқан қылмыстық топ анықталды. Олар 1200-ден астам бақылаусыз компания құрған. Сол арқылы 2 трлн теңгеден астам ақша жымқырған. «Осыған қатысты қылмыстық іс қозғалып, 98 тұлға күдікті ретінде танылды. Олардың 28-і тұтқынға, 29-ы үйқамаққа алынды», – деді комитет төрағасы.