«Жаһандық жаңалық» конференциясы өтті

«Жаһандық жаңалық» конференциясы өтті

«Жаһандық жаңалық» конференциясы өтті
ашық дереккөзі
319
Бүгін, 18 қыркүйек күні Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен және Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының қолдауымен ғаламдық, яғни мәңгі, тұрақты күнтізбеге арналған «Жаһандық жаңалық» атты конференция  өтті.  Алқалы жиынға Халықаралық Түркі академиясының президенті, ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы Дархан Қыдырәлі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық Жоғары Мектеп ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Әділ Ахметов, Халықаралық Акмеология ғылым академиясының  академигі, халықаралық Платон сыйлығының иегері Сайлыбай Бекболатов, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, зиялы қауым өкілдері қатысты. Басқосуға белгілі ғалым Сайлыбай Бекболатовтың ғаламдық  күнтізбеге қатысты тұжырымдары мен ұсыныстары арқау болды. Ғалымдар мәңгі тұрақты күнтізбе туралы баяндама жасап, ежелгі түркілік танымнан бастау алған 13 ай/28 күндік мәңгі тұрақты күнтізбенің адамзатқа беретін тағылымы жайында  пайымды пікірлерімен бөлісті.  width= Айта кетейік, биыл жаңа күнтізбені ойлап тапқан ғалым С.Бекболатовтың Оңтүстік Африка мемлекетінде ағылшын тілінде жарық көрген «Unified, Constant Calender» («Мәңгі тұрақты күнтізбе») атты монографиясы ғылыми жаңалық ретінде Батыс елдеріне кең таралып, Google ғаламтор жүйесіне ресми тіркелді. Тұрақты, мәңгі күнтізбенің электрондық нұсқасы жасақталып, ол да Google талаптарына сәйкес тіркеліп, ресми айналымға енгізілді. Осылайша қазақ ғалымы Сайлыбай Бекболатов астрономия, жаратылыстану, математика және ядролық физика секілді іргелі ғылымдармен қатар Киелі кітаптарда тұрған бағалы дереккөздерді  ұтымды пайдалана отырып, ғасыр жұмбағын шешіп, жаһандық деңгейде ірі жаңалық ашты. Бұл орайда Майя өркениетіндегі сәуегейлік пен күнтізбелер жүйесінің ғылыми негіздерін ширек ғасыр бойы зерттеген ғалым, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы Әділ Ахметов қол жеткізген нәтижелері де өзімен әріптес ғалым Сайлыбай Бекболатов зерттеулерінің негізссіз емес екенін дәлелдеді.

Серіктес жаңалықтары