Сенат ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға қатысты заңды қабылдады

Сенат ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға қатысты заңды қабылдады

Сенат ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға қатысты заңды қабылдады
ашық дереккөзі
182
Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды. «Қаралып отырған Заң жобасының негізгі мақсаты - туризм объектілерін, ерекше маңызы бар құрылыстарды салу және олардың жұмыс істеуі үшін бұрын шығарылған, мақсаты бойынша пайдаланбаған жерлерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрамына қайтару рәсімін оңайлату. Заң жобасымен Жер кодексіне және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отыр», - деді сенатор Әбдәлі Нұралиев. Заң жобасы 10 қыркүйекте Сенат отырысында бірінші оқылымда мақұлданған болатын. «15 қыркүйекте Комитеттің кеңейтілген отырысы өткізілді. Заң жобасы бойынша Сенаттың тұрақты комитеттері мен депутаттарынан ұсыныстар келіп түскен жоқ», - деп атап өтті депутат.  

Серіктес жаңалықтары