Президент жаңадан құрылған агенттік төрағасы Қайрат Келімбетовті қабылдады

Президент жаңадан құрылған агенттік төрағасы Қайрат Келімбетовті қабылдады

Президент жаңадан құрылған агенттік төрағасы Қайрат Келімбетовті қабылдады
ашық дереккөзі
213
Мемлекет басшысы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетовті қабылдады, – деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Президентке жаңадан құрылған Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігін құрудың тәсілдері, оның ішінде агенттік ережесінің жобасы, штат саны мен оның жылдың соңына дейінгі қысқа мерзімде атқаратын қызметі туралы ақпарат берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамды толғандырған мәселелер мен ұсыныстарды сараптап, пысықтауды, сондай-ақ, Қазақстан халқына арнаған Жолдауында аталған міндеттерді іске асыруды тапсырды.

Серіктес жаңалықтары