Алик Шпекбаев Елбасына жемқорлықпен күресті күшейту шараларын баяндады

Алик Шпекбаев Елбасына жемқорлықпен күресті күшейту шараларын баяндады

Алик Шпекбаев Елбасына жемқорлықпен күресті күшейту шараларын баяндады
ашық дереккөзі
294

Нұрсұлтан Назарбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевты қабылдады, деп хабарлайды Елбасының ресми сайты.

Кездесуде Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасына «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат берілді.

А.Шпекбаев Агенттіктің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, мемлекеттік органдардың бюджетінің ашықтығын арттыру, сондай-ақ осы үдерісте азаматтық қоғам өкілдерімен ынтымақтастықты нығайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы айтып берді.

Серіктес жаңалықтары